Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Тұңғыш Президент күніне арналған сабақ ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналды

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті тіл мамандарының ұйымдастыруымен «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент» күніне орай «Ел тірегі - Елбасы» тақырыбында тәртіп сақшыларының арасында патриоттық бағытта сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: қазақтың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру арқылы Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, тіл үйренушілердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру болды.

1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Аталған мерзімдегі Елбасының өмірі мен еңбек жолдарына саяхат жасап, қатысушыларға үлкен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың кітап көрмесі, нақыл сөздері, жанұялық фотосуреттері көрсетілді.

Кезінде Н.Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын. Бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор екендігі кеңінен айтылды.   

Сабақ соңында Елбасыға арналған өлең  шумақтары оқылды, деп хабарлады редакция тілшісіне Маңғыстау облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы